Қазақстандық тауарларды тұтынайық
Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің экономикасының қауіпсіздігі мен болашағына қатысты ауқымды ойларымен бөлісті. Әсіресе, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ел азаматтарын патриот болуға шақыруы өте құптарлық бастама. Мойындауымыз керек, біз күнделікті дүкендегі, базардағы сауда-саттық барысында алып жатқан тауарларымыздың сапасы мен сақтау мерзіміне мән беріп жатамыз да, көбіне қай елде өндірілгеніне бас қатыра бермейміз. Тұрмыстық, шаруашылық құрал-саймандарды алар кезде де сапалы деп ұйғарамыз. Ал өзіміздің отандық тауарлардың да біраз жылдан бері түрлі халықаралық сапа стандарттарына сай өндіріліп жүргенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Өйткені, еліміздің кәсіпорындары мен өндіріс орындары техника, құрылғыларын заманауи үлгілерге алмастырып, технологияны да бүгінгі талаптарға сәйкестендіріп жатыр. Соның арқасында өзіміздің өндіріс орындарында өндіріліп жатқан түрлі, азық-түлік тауарлар, жеңіл өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібінің өнімдері өзімізден бөлек, тіпті шетелге де экспортталып жатыр. Сондықтан, біз «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар тауарларды сапасыз деп түсінетін негізсіз көзқарастан арылуымыз керек.
Мәселен, сауда нүктелерінде жасанды материалдардан, синтепон, холлафайбер, бамбук талшықтарынан желім арқылы жасалған көрпе, жамылғылар толып тұр. Алайда қойдың, түйенің жүнінен жасалған жамылғылардың жасанды көрпелерден артықшылығы көп. Білетінім, табиғи материал жылы, жасанды заттардан жасалған жамылғыңыз денені күрт қыздырады және бірер жылда синтетикасы түтетіліп, ұйпа-тұйпасы шығады. Әрі олардың құрамындағы заттардың адам ағзасына қаншалықты зиянды екенін кім тексеріп жатыр?! Сондықтан сырты жылтыр заттарға қызықпай, өзіміздің отандық өнімдерді пайдалану денсаулығыңыз үшін де пайдалы екенін айтқым келеді. Еліміздің азаматы ретінде отандастарыма қазақстандық тауарларды тұтынуға кеңес беремін. Әрбір сатылған тауар сол отандық тауар өндірушіге табыс әкелсе, оның бір бөлшегі сіз бен біздің әлеуметтік мәселелерімізді реттейтін мемлекеттік кіріске құйылады.
Нұрбану БЕРДІМБЕТОВА, аудандық орталық емхананың учаскелік терапевт-дәрігері.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді