«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ертеңге деген сенімді еселей түсті

Ертеңге деген  сенімді еселей түсті
ашық дереккөз
Ертеңге деген сенімді еселей түсті

25Ернұр Мадияров, 

аудандық жастар орталығының директоры.

«Қазақстанда дағдарыс жоқ!». Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Осы сөздің өзі-ақ әркімнің көңіліне үлкен медеу берері анық. Жиында көптеген өзекті мәселелер айтылды. Соның бірі теңге бағамының өзгеруі туралы қауесетке қатысты болды. Елбасы қазақстандықтарды теңге бағамының өзгерісі туралы қауесетке сенбеуге шақырды. Осы орайда «Мен өткен жолы мұндай қиын сәтте арандатулар, инсинуациялар, шабуылдардың пайда әкелмейтінін және оларды жауапкершілікке тарту керек екенін ескерткенмін. Мен Қазақстан халқына тағы да жария етемін: біз ештеңені жасырмаймыз, қиындықтар болса халықпен бірге өткереміз және оның келе жатқанын айтамыз, ал ештеңеге жауап бере алмайтын, тілмен сайрай беретіндер айта алмайды», – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы бұл мәселеде қауесетке емес, ресми тұлғаларға сенуге шақырды. «Егер тіпті мұндай ауытқушылықтар болса да, халқымыздың салымын сақтау үшін сақтандырулардың барын сіздер білесіздер. Керек болса – сақтандырамыз. Депозит салымшыларының 98 пайызы сақтандырылады», – деді Назарбаев. Бүгінде болашағын ойлаған жас мамандардың көпшілігі банктерге салым жинайды. Төл теңгеміз туралы халық арасында түрлі пікір қалыптасқанда, сол жинаған қаржысына алаңдаушылық білдіргендердің де қарасы қылаң бергені анық. Елбасымыздың сөзі енді кімнің болсын ел ертеңіне деген сенімін еселей түскені даусыз. Мәңгілік Елді мұрат тұтқан елдің жастары кездескен қиындықтардан жол тауып, халықтың бірлігі мен тірлігін көздеген бағдарламалардың болашағына күмән келтірмейміз. Үкімет отырысында Елбасы айтқан мәселенің барлығы мемлекетіміздің межелі мақсаттарына жетуіне бағдаршам болады деп нық сеніммен айта аламыз.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар