«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық шексіз

Мүмкіндігі  шектеулі балаларға  қамқорлық  шексіз
ашық дереккөз
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық шексіз

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша облысымыз көлемінде қыруар жұмыстар жүзеге асырылғанын атап өту жөн. Әсіресе, әлеуметтік салада есепті мерзімде 210,6 тұрғынға 2081,4 миллион, оның ішінде 1226,0 миллион теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға, 70, 2 миллион теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленген екен. 

Бүгінде өңірімізде 4 мыңнан астам мүгедек бала тіркеуге алынғаны белгілі. Олар «әлеуметтік такси» қызметін тегін пайдалана алады. 240 әлеуметтік қызметші 1161 баланың тікелей үйіне барып қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жазғы уақытта жүздеген баланың қала сырты лагерьлерінде демалуына мүмкіндік жасалды, бірқатары үшін иппотерапиялық оңалту курсы ұйымдастырылды. Жуырда мекемеміздің 10 жылдық мерейтойын атап өттік. Осы өткен уақыт аралығында мұнда 420 бала оңалтудан өткен екен. Әлеуметтік педагогтар мен дәрігерлердің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде жүре алмайтын 59 баланың 10-ы өздігінен жүре бастады, 109 сөйлей алмайтын баланың – 26-ы сөйлеуді үйренді. Балалардың 72 пайызында түрлі оң өзгерістер байқалды. Қызмет алушы балалардың біреуі балабақшаға, 23-і жалпы білім беретін, 43 бала арнайы мектептерге бара бастады, тоғызы колледждерге оқуға қабылданды. Орталығымыздың жартылай стационарлық режімде жұмыс істеуіне байланысты балалардың мұнда күндіз келіп-кетуіне мүмкіндіктері де жоқ болатын. Бүгінгі таңда орталықтың аудандарда да желісін кеңге жаю ісі қолға алынуда. Жамбыл, Шу аудандарында филиалдарымыз ашылуымен байланысты, ендігі жерде аталған аудандардағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер оңалту қызметін алу үшін облыс орталығына келіп әуре болмайды. Мұның барлығы да облыс басшысы тарапынан балаларға көрсетіліп отырған қамқорлық пен жанашырықтың нақты көрінісі екені анық. Облыс әкімі К. Көкірекбаевтың жыл қорытындысына орай берер есебі қарсаңындағы «Жамбыл облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» тезистерін газеттен оқып мұқият таныстық. Онда сан салада атқарылған жұмыстармен қатар алға белгіленген бағдарлар да айқындығымен, өзектілігімен, маңыздылығымен көңілімізден шықты.

Марал ШЛЫКОВА, облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар