Кездерім көп махаббаттан жасыған, Сезім үшін мен өзіңе асығам. Сенің, сәулем,сезіміңді сездірген, Әжуалы әмір берді ғасыр ән.
Кездерің көп мойныма кеп асылған, Көз жасыңды көлеңкеңе жасырған. Сен өзгенің құшағында тұрғанда, Мен дыбыссыз өте шыққам қасыңнан.
Кездерің көп кешірімге асыққан, Парасатты пейіліңді жасытқан. Сен кешірім сұрағанда өзгеден, Өте шықтым мен қасыңнан басып паң.
Кездерім көп сезіміңе құмартқан, Кездерім көп қабағыңа мұң артқан. Мен сенімен доғарғанмен мәңгілік, Раушан гүлін қайта әкелсем кінә артпан.
Армандардан асып өтіп келді мұң, Екі бақыт сұраушы едің сен бұрын. Ана болу бақыты еді бірінші,- Екіншісі - отағасы мен, гүлім!
Тәңіріміз тайғақ етті тағдырды, Екеуміз де асып өттік сан қырды. Сен аман жүр, махаббатым алғашқы, Алғаш рет мен тыңдаған ән сынды.
Нұрболат Жолдасбек, студент.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




