«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ТҮТІНІМІЗ ТҮЗУ ҰШСЫН

ТҮТІНІМІЗ ТҮЗУ ҰШСЫН
ашық дереккөз
ТҮТІНІМІЗ ТҮЗУ ҰШСЫН

7Данияр ЖҰМАБАЕВ, ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкілі, Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы.

Қазақстан мұсыл­ман­дары діни басқармасы жыл сайын түрлі шараларды қолға алып, қарқынды жұмыс атқарып келеді. Соның бірі «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты еліміздегі алғашқы имамдар форумын өткізу үшін «ҚМДБ-ның діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы» мен ҚМДБ-ның Тұғырнамасы, «Шынайы мұсылманның келбеті», «Имамның келбеті» құжаттарын дайындап, еліміздегі барлық имам-молдаларға тың серпіліс жасап отыр. ҚМДБ-ның өз Жарғысы негізінде, мемлекетіміздің зайырлы даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені қолдай отырып, бұл үрдісті одан әрі нығайтуға негіз болып саналатын осы Тұжырымдама қабылдауы және күнделікті қызметінде басшылыққа алуы баршамызды қуанта отырып, Жамбыл облысының имам-молдалары тарапынан қолдау тауып отыр. Тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты көзқарастары айқын көрсетілген. ҚМДБ Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, қазақ халқының сан ғасырлардан бері қалыптасқан діни дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізіп, өз жұмысын жергілікті жерде қалыптасқан мұсылмандық дәстүрлерінің негізінде жүргізіп, Әбу Ханифа мазһабының бағытына, ал діни сенім мәселесі бойынша Матуридидің танымдық мектебіне басымдық беруінің өзі бейбіт дініміздің бір тұтастығын одан әрі нығайта түсудің кепілі болып отыр. Бұл біріншіден, Елбасымыздың сарабдал саясаты мен еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының дінімізге қосқан үлкен еңбегі әрі сол еңбегінің жемісі деп білеміз.

Ұқсас жаңалықтар