Жан-жақты әзірленген құжат бар
Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасында дағдарыстың жоқтығын мәлімдеді. Әрине, әлем елдерінде дағдарыстың болып жатқаны жасырын емес. Бұл экономикалық құбылыс әркімге әрқалай әсер етіп жатыр. Сондықтан, кейбір қауіпті жайттарды жеңілдету үшін Үкіметіміз қазына қаржысын үнемдеу қадамдарына барды. Бұл – өте оңтайлы шешім. Себебі, дағдарыстың алдын алу мақсатында жобаларға қаржы құюда тәуекелдерге бара берген де қауіпті. Сондықтан қаржының үнемделіп жатқаны уақытша шешім деп ойлаймын. Шүкір, өзге елдерге қарағанда біздің жағдайымыз жаман емес. Бізде Еуропадағыдай жаппай жұмыс орындарын қысқарту жүріп жатқан жоқ. Салалық және мемлекеттік бағдарламалар тоқтамай, іске асырылуда. Ел де тыныш.
– Тағы да айтқым келеді, біздің қазақстандық экономикада айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық дағдарыс – сыртқы фактор. Бірінші жағымсыз фактор – мұнайдың екі есе арзандауы: маусымда – мұнай баррелінің бағасы жүзден жоғары, қазір – 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар – металл, тыңайтқыштар және тағы да басқалардың бағасы төмендеп жатыр. Екінші маңызды фактор – экономикалық дағдарыс, Ресей рублінің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінде 43 миллион жұмыссыз бар, 850 миллионнан астам адам аштықта. Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі –11,5 пайыз. Жалпы әлемдік жағдай, ал біз сол әлемнің бөлшегіміз және бұл бізге әсер етпей қоймайды. Міне, біз әсерін сезіп отырмыз, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының бастамасымен қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарыстың еліміз экономикасына әсер етпеуін қамтамасыз етпек. Жан-жақты әзірленген бұл құжат халықты қиындыққа қалдырмайды деп сенейік.
Сұлтан ӘБІЛДАЕВ,
ТарМУ-дың доценті, экономист.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді