Қытайдағы қазақ
ат басындай алтын тауып алды ҚХР Алтай аймағының Шіңгіл ауданында тұратын Берік есімді қандасымыз осыдан бір апта бұрын салмағы 7,85 келі кесек алтын тауып алғаны туралы хабарды еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды.
Досымен бірге алтын іздеуге шыққан Берік иен далада ойламаған жерден ат басындай кесек алтынның үстінен түседі. Қандасымыздың айтуынша, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметрі 23 см, ені 18 см, ең қалың жері 8 сантиметр болған.
«Табиғаттың шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды» дейді алтынды көрген көршілері. Әлемде мұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, алтын кендерінің өзінде де тым сирек кездесетін көрінеді.
Осы сәттіліктің арқасында қандасымыз қомақты қаржыға ие болды. Алтын қыруар ақшаға сатылған. Қытай заңы бойынша кесек көлемдегі алтын мен бағалы заттар үкіметке тиесілі болуы керек деген тармақ бар. Соған қарамастан, интернет желісі арқылы жүргізілген сауалнамаға қатысқан 60 мың қандасымыздың 97 пайызы ат басындай алтын Беріктің еншісіне берілуі керек деген шешімді қолдаған. Нәтижесінде, халықтың ұйғарымы дұрыс деп танылып, 8 келіге жуық бағалы зат 5 миллион қытай юанына (830 мың АҚШ долларына) пұлданып, осынша қаржы әлгі қазақ азаматына берілген.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді