Атап өтейік, біздің елде бұған дейін «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», «Халықаралық құстар күні», «Жер сағаты» және өзге де акциялар ұйымдастырылғаны белгілі. Мәселен, біраз уақыт бұрын Жамбыл және Сарысу аудандарында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. «Көсегенің көк жоны» мен «Әулиекөлдің» аумағында өткен осынау шара барысында бұлақ көзі ашылып, айналасы абаттандырылды. Сондай-ақ мұнда ағаш көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, Айша бибі ауылдық округіне қарасты «Әулиекөл» аумағында бұрын 11 бұлақ көзі болған екен. Экологиялық шара кезінде соның бірі қайта ашылып, ел игілігіне берілді. Дәл осындай акция бірер күн бұрын Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының іргесіндегі Сұлутөр тауының бөктерінде де өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бағлан Қазиев, аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен белсенді жастар қатысты. Акцияның басты мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, бұлақтар мен өзен-көлдерді қоқыстан тазарту, сондайақ жастардың бойында табиғатқа жанашырлық пен экологиялы қ с е зімді қа лыпт астыру.
Шара барысында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы табиғатты қорғауға бағытталған мұндай игі шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» акциясы өңірімізде кең көлемде әрі тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
– Халқымыз ежелден табиғатқа жанашырлықпен қараған. «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Сулы жер – нулы жер», «Су бар жерде тіршілік бар» деген нақыл сөздер – соның айғағы. Сондықтан тау бөктеріндегі бұлақтарды т азарту тек т абиғатты қорғау ғана емес, бұл бүгінгі қоғамда экологиялық сананы қалыптастырудың нақты көрінісі. Сұлутөр – өңіріміздің ең көрікті жерлерінің бірі. Оның таза әрі көркем болуы – баршамызға ортақ міндет. Осы іске белсене атсалысып жатқан еріктілерге, ақсақалдар мен жастарға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожахан Бижанов сөз алып, көпшілікке ақ батасын берді. Ал акцияға қатысушы еріктілердің бірі Мағжан Дәкен өз сөзінде мұндай бастаманың жастар үшін маңызы зор екенін жеткізді.
«Бүгін біз Сұлутөр тауының бөктерінде бұлақ көздерін ашып, аумақты тазарттық. Мұндай акциялар табиғатқа деген жауапкершілікті арттырады. Аудан жастары әрдайым осындай игі істерді қолдайды және алдағы уақытта да белсенді қатысамыз», – деді ол.
Еске салайық, өткен жылы «Таза Қазақстан» атты экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды. Аталған құжат халықтың экологиялық ойсанасын арттыруға, экологияға жауапты өмір салтын қалыптастыруға және экологиялық білім мен ағартушылықты күшейтуге арналады. Бастысы, тұжырымдама азаматтардың табиғатқа құрметпен қарауын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге және қоғамды экологиялық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Есен ӨТЕУЛІ
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




