Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, жібек құртын өндіруді дамыту, коммуналдық тарифтер мен тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді. Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




