Іс-шара облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі, қалалық полиция басқармасы, №15 мектеп-гимназиясы және Б.Момышұлы атындағы 85395 әскери бөлімінің оркестрінің бірлесуімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әскери оркестрдің әсерлі композициялары жиынға ерекше салтанат сыйлады.
Облыстық полиция басқармасының бастамасымен ашылған жаңа сыныпқа 7 «А» сыныбының 23 оқушысы қабылданып, оларға «жас полицей» мәртебесі берілді. Сондай-ақ сыныпқа ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. Бұл – жас өрендерге үлгі болатын тағылымды шешім. Салтанатты жиында облыстық полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Сәлемов сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды.
Ол өз сөзінде жас буынды жауапкершілікке, тәртіпке және салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева да сөз алып, «Жас сақшы» жобасының өскелең ұрпаққа берер тағылымы зор екенін жеткізді. Іс-шара барысында жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін бірқатар ұстаздар мен мектеп басшылығына Тараз қаласы полиция басқармасының Алғыс хаттары табысталды.
Атап айтқанда, мектеп директоры Шолпан Есеналиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибі Сқақова, сынып жетекшісі Галина Тілеуқұлова және алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Мият Сәмбетәлі марапатталды. Бүгінде Тараз қа ласында 16 «Жас сақшы» сыныбы жұмыс істейді. Бұл – жобаның жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.
Жалпы, «Жас сақшы» бастамасы Ішкі істер министрлігі тарапынан жүзеге асырылып, оқушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, заңға құрметті арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Осындай игі бастамалар арқылы ел ертеңі саналатын жас ұрпақтың саналы, тәртіпті әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына берік негіз қалануда.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




