«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«SIT DOWN… бетпердесіз әңгімелер»

«SIT DOWN… бетпердесіз әңгімелер»
Автор
Белгілі блогер Мөлдір Анарбаеваның «SIT DOWN… бетпердесіз әңгімелер» атты кітабы «Alqa» баспасынан жарық көрді. Бұл еңбек – бүгінгі қоғамдағы адам жанының иірімдерін, шынайы сезім мен ішкі толғанысты ашық жеткізетін ерекше туынды.

Кітап атауының өзі оқырманды ойға жетелейді. «Sit down» – бір сәт аялдап, өзөзіңмен сырласуға шақырса, «бетпердесіз әңгімелер» тірке сі қоғамдағы жасандылықтан арылып, шынайылыққа бет бұру идеясын меңзейді. Автор өз еңбегінде адамның ішкі әлемін бүкпесіз жеткізіп, өмірдің түрлі қырларын ашық әңгіме форматында ұсынады. Кітапта әрбір оқырман өзін табатындай, жүрекке жақын ойлар мен өмірлік тәжірибелер қамтылған.

Жуырда жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтті. Кіт аптың тұс ауын қоғам қайраткері, ақын, жазушы Үміт Битенова кесті.

– Мөлдірдің кітабы өміршең. Оқып отырып ауылдағы анамызды, жеңгемізді сағындық. Ауылдағы өмір көз алдымызға келді. Тілі қарапайым, жатық, тез оқылады екен. Жазушылыққа басқан қадамың құтты болсын!, – деді Үміт Қыранқызы.

Тұсаукесер рәсіміне «Алқа» клубының мүшесі жас прозашы Бану Дәулетбаева Алматыдан арнайы келіп қатысты. Басылымның көркем безендірілуі де назар аудартады. Қызыл түсті мұқаба, нәзік моншақ элементтері мен автор бейнесі – кітаптың мазмұнымен үйлесіп, оның мәнін тереңірек аша түседі. Бұл – тек оқуға емес, сыйлық ретінде ұсынуға да лайықты туынды.

Жаңа кітап оқырман қауымға ой салып, өзін-өзі тануға, өмірге жаңаша қарауға жетелейді. «SITDOWN… бетпердесіз әңгімелер» – шынайылық пен сыршылдықтың жарқын үлгісі. Ендеше, бір сәт аялдап, осы кітаппен бірге өзіңізбен сырласып көріңіз.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

Ұқсас жаңалықтар