Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Жылдағыдай алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылу желілеріне гидравликалық сынақ, сондай-ақ жылу қазандықтарындағы қосалқы жабдықтарды жөндеу және тексеру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында 30 күн қала аумағында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу – алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалудың маңызды кезеңі. Сынақтың негізгі мақсаты – құбырлардың беріктігін, тығыздығын және сенімділігін тексеру. Сынақ барысында жылу құбырларына жоғары қысымдағы су жіберіледі. Бұл әдіс арқылы желідегі әлсіз тұстар, жарықтар мен ақаулар алдын ала анықталады.
Уақытында табылған ақаулар апаттардың алдын алуға, жылу беру кезінде үзілістерді болдырмауға және тұрғындарды тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жылу қазандықтарындағы жабдықтарды жөндеу, тексеру – олардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет. Мұның барлығы тараздықтардың жайлы өмір сүріп, қысқы апаттардың алдын алып, жылу беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін атқарылады.
Ұқсас жаңалықтар
Автобуспен ел ішін аралап, оқуға шақырып жүр
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




