«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

500 сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды

500 сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Валихан Валиев Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» тақырыбымен өткен ауқымды ақпараттықнасихаттау іс-шараларының қорытындысымен бөлісті.

Атап айтқанда, азаматтық қорғаныс айлығы аясында облыстық білім басқармасының қолдауымен білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілген интерактивті сабақтар мен кездесулер өткізілген. Сонымен қатар «Экологиялық төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керек?» тақырыбында ашық сабақтар мен конкурстар, конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, спорттық эстафеталар ұйымдастырылып, оған 4 мыңға жуық оқушы қатысқан.

Қауіпті өндірістік нысандарда практикалық сабақтар өткізіліп, қауіпсіздік талаптары пысықталды. Департамент бөлімшелерінде оқушылар мен мұғалімдер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан «Ашық есік күнінде» оларға авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтары таныстырылып, су тасқыны, өрт және химиялық заттардың төгілуі кезінде әрекет ету бойынша 2 мыңнан аса жадынамалар таратылды.

– Қалалық және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінде шартты экологиялық төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар, сондай-ақ су тасқыны мен орман өрттеріне қатысты тактикалық-арнайы оқужаттығулар өткізілді. Халықты құлақтандыру жүйелерін тексеру мақсатында 500 сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды. Экологиялық тәуекелі жоғары елді мекендерде эвакуациялық ісшаралар пысықталды. Әлеуметтік нысандарда (мектептер, медициналық ұйымдар және басқа да мекемелерде) төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері көрсетілді. Азаматтық қорғаныс айлығы аясында 7-9-сынып оқушылары арасында «Азаматтық қорғаныс білгірлері» тақырыбында офлайн квиз-ойындар, ал колледж студенттерімен алғашқы әскери дайындық және спорттық эстафеталық шаралар өткізілді. Сондай-ақ облысымыздың азаматтық қорғау саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлерін және еріктілерді марапаттауға арналған жиындар өткізілді. Жалпы, айлық барысында ұйымдастырылған барлық ісшаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды, – деді Валихан Абилоглы.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар