Конференцияға облыстың барлық өңірлерінен – Тараз және Шу қалалары мен аудандық ардагерлер ұйымдарының конференцияларында сайланған 98 делегат қатысты. Бұл өз кезегінде жиынның заңдылығы мен өкілеттілігін толық қамтамасыз етті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, сондай-ақ мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімінің орынбас ары С ерік Жақсылықұлы құттықт ау сөз сөйлеп ардагерлердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың ел бірлігін нығайтудағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне жоғары баға берді.
Конференцияда облыстық ардагерлер кеңесінің 2021-2025 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстары туралы кеңес төрағасы Еркінбек Солтыбаев есепті баяндамасын жасады. Есепті кезеңде ардагерлер ұйымдарының құрылғанына 35 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Ата Заңымыздың 30 жылдығы, Ұлы Абайдың 180 жылдығы кеңінен мерекеленді және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Бұл тарихи оқиғаларға ардагерлер ұйымдары белсене қатысы. Облыстық ардагерлер кеңесі өзінің қоғамдық қызметін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жарғысы және бағдарламалық нұсқауларын басшылыққа ала отырып ұйымдастыруда.
Есепті кезеңде зейнеткерлердің қатары 25 мың адамға көбейді. Ардагерлер ұйымдарының белсенділіктері анағұрлым артты. Бастауыш ардагерлер ұйымдарының ықпалдылығын көтеру мақсатында Талас ауданындағы Ойық, Меркі ауданындағы Ақтоған, Сұрат, Жаңатоған, Қордай ауданындағы Ауқатты ауылдық округтері бастауыш ардагерлер ұйымдарының базасында облыстық көшпелі семинарлар өтіп, олардың жұмыс тәжірибелері облыс аумағына таратылды. Облыстық, Тараз, Шу қалалық, аудандық ардагелер кеңестерінің пленумдары, төралқа отырыстары белгіленген жылдық жоспар бойынша өтіп, ардагерлер өмірінің ең өзекті мәселелері талқыланып, шешімдер қабылданды.
Облыстық ардагерлер кеңесі мен Тараз, Шу қалалық, аудандық ардагелер кеңестерінің жанынан құрылған билер, аналар, әкелер кеңестерінің белсенділіктері артып келеді. Олар ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, салт-дәстүрлерді қалыптастыруға барынша үлес қосуда. Облыстық ардагерлер кеңесінің есепті кезенде елеулі жұмысының бірі – той мәдениетін қалыптастыру, ас өткізудегі ысырапқа жол бермеу мәселесіне ықпал етуі болды. Бұл жөнінде облыс жұртшылығына үндеу көтерген облыстық ардагерлер кеңесі нақты нәтижеге қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар ұйымдастырды. Қарт адамдарды қолдап, оларға руханиәлеуметтік демеу көрсету мақсатында Тараз қаласында ардагерлерге арналған екінші «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылды. Мұндай орталық Меркі ауданында да жүйелі жұмыс атқаруда.
Конференция облыстың және аудандардың атқарушы билігінен Белсенді ұзақ өмір орталықтарын барлық аудандардан ашуды сұрайды. Конференцияда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, Талас ауданы, Ойық ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Пана Рахманбердіұлы, облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Байзақ аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова сынды өзге де делегаттар сөз алып, ардагерлер қозғалысын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.
Конференция қорытындысы бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы сайланып, тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. «Ардагерлер ұйымы» РҚБның кезекті ХІ съезіне облыстан 5 делегат сайланды. Конференциядан кейін өткен алғашқы ұйымдастыру пленумында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Еркінбек Солтыбаев қайта сайланды. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары болып Қонысбай Ильясов, Жаңабай Миллионов сайланды. Пленум барысында облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының жаңа құрамы бекітілді.
Арна ЖҰМАТАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




