«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Футбол алаңы ашылды

Футбол алаңы ашылды
Автор
Қаламыздағы «Жастар» стадионы аумағында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұл – қала жастары үшін қуанышты жаңалық қана емес, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа алаң заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жасанды көгал төселіп, жарықтандыру жүйесі орнатылған. Бұдан былай жастар кешкі уақытта да еркін жаттығып, шағын турнирлер ұйымдастыра алады. Футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысты.

– Бұл алаң тек спортпен айналысатын орын ғана емес, сонымен қатар жастардың бірбірімен достасып, ынтымағын арттыратын, жаңа жетістіктерге жетелейтін орта болады деп сенемін. Баршаңызды о сы қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Жастарымыз әрқашан белсенді, спортқа құштар, мықты әрі жеңіске ұмтылатын болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы.

Мамандардың айтуынша, мұндай спорт нысандарының көбеюі футболға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, болашақ таланттарды анықт ауға да жол ашады. Жергілікті тұрғындар жаңа алаңның ашылуын қолдап, игі бастаманың жалғасын табарына сенім білдіруде.

– Бүгін тараздық футболшылар үшін керемет күн. Өйткені жаңа футбол алаңы ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта жас топтағы футболшыларымыздың барлығы осы алаңда өнер көрсететін болады, – дейді «Намыс» футбол клубының орынбасары Еген Дүйсенбеков.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

 

 

Ұқсас жаңалықтар