Кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылған танымдық сапардың басты мақсаты – білім саласының қызметкерлерін тарихи орындармен таныстыру. Бір атап өтерлігі, аталған хахатон сайысы қатысушыларын бастапқыда бір бағытпен бір күнде саяхатқа алып шығу жоспарланған. Дегенмен, түрлі жағдайларға байланысты саяхат екі кезеңге бөлінді. Сонымен бірінші топ белгіленген уақытта саяхатқа шықса, екінші топ алдағы аптада саяхатқа шығатын болады. Бір күнге жоспарланған саяхат барысында білім беру саласының қызметкерлері «Домалақ ана» кесенесінде, «Ақ мешіт» үңгірінде, «Арыстанбаб» кесенесінде және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен керуен сарайында болып, танымын кеңейтіп, рухани демалып қайтты.
«Домалақ ана» мен «Арыстан баб» кесенесінде бабалар рухына Құран бағыштап, құрмет көрсетті. «Ақмешіт» үңгірі тылсымға толы таңғажайыбымен тарих тұнығына тартып кетсе, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кешені келбетімен тамсандырды. Сапар соңында Керуен сарайы туристік кешеніндегі кешкі «Қыз жібек» қойылымын тамашалады. Ондағы су айдынындағы көрініс көрермен талғамынан шықты. №55 орта мектептің директоры Гүлнұр Рятқызы бұл сапардан тамаша әсерге бөленгенін жеткізді. «Бүгінгі саяхат тамаша іссапар болды. «Ақмешіт» үңгірі менің шынайы таңданысымды тудырды. Үңгірге қатысты талай аңыздарды естіп, таныпбілдім. Түркістан болса, таңдандыруын қояр емес. Әр келген сайын өзгеріп, түрлене түседі. Бұрынырақ келгендей емес, бұл жолы тамаша саяхаттадым. Рухани байып, тың бір идея алғаным да осы сапар болды», – деді ол.
Осы саяхаттан рухани байлық жинадық деген жанның бірі – Тараз қаласындағы № 63 орта мектептің директоры Медет Жантелиев. «Педагогикалық хахатон» сайысында облыстық жергілікті кәсіподақ тарапынан айтылған уәде орындалып, біз рухани тұрғыдан байып, танымтүсінігімізді кеңейттік. Мұндай саяхат білім қызметкерлері үшін өте қажет. Әсіресе мектеп директорлары көптен бері бұлай жиналып, саяхатқа шықпаған екен. Осындай бастаманы көтеріп, ұйымдастырған жергілікті кәсіподақ ұйымына айтар алғысымыз шексіз, – деп атап өтті ол.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Түркістан қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




