Ол бала күнінен тігіншілікпен айналыс ады. Ол «Киіз Fest» фестивалінде ұмыт қалып бара жатқан дәстүрді жаңғыртып, ғасырлар бойы жалғасып келген мұраны бүгінгі жастар арасында насихаттады. Сол іс-шарада киіз басып, ұршық иірді. Осылайша ұршық иіруден екінші орын алып, 200 мың теңге ұтқан. Тігіншінің жасап отырған кәсібін білмекке өзіне жолығып, әңгімелестік. Қолөнермен айналысып келе жатқанына біраз жылдың жүзі болыпты. Көрпе-көрпешелердің неше түрін тігетін шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы камзол, шапан, қоржыннан бастап перде, төсек жамылғысы, көйлек, жұмысшылар киімі, кестеге дейінгі бұйымдарға қызығушылар көп екен. Бірақ осының бәрін тіккен ол бүгінде перде мен көрпе тігуге тоқтапты. Себебі кәсіпкер үшін бұлар өте өтімді тауар. Әркімнің үйіне керек зат. Әсіресе жаз уақытында қыз жасауына деген сұраныс көп болады екен. Сондай да құрақ құрап, қыздардың көз тартар түрлі көрпесін өз қолымен дайындап береді екен. Үйде отырып-ақ өз ісін дөңгелетіп отырған Асылкүлдің елге де, өз жанұясына да пайдасы тиіп отыр. Сұранысқа орай оның үстіне бүгінгі заманның талабына сай «Instagram» әлеуметтік желісінен @shtory_taraz_ kz парақшасын ашып, өзі тіккен перделердің сан алуан түрін салып, сатылымға қояды. Әрі тапсырыс қабылдайды. Алты баланың анасы Асылкүл күйеуіне сүйеу болып, нәпақасын сүйікті кәсібінен айырып отыр.
Қазіргі кезде үй-жайды перде сияқты маңызды құрамды бөліксіз елестету мүмкін емес. Олар өзіндік әдемілігі арқасында декордың өте функционалды және пайдалы элементтері. Сонымен қатар қонақтарға арналған бөлмедегі перделер өзінің сыртқы сұлулығымен ерекшеленіп қана қоймай, дыбыс бәсеңдету, көше шаңы мен ас үй ысынан және күн сәулесінен қорғау мақсатында қолданылады. Перделер интерьердің артықшылықтары мен стилін айқындап, қонақтардың назарын аударып тұратын немесе бөлмедегі басқа да қалған заттармен сәйкестенетін элемент ретінде қарастырылады.
– Бала күнімнен ең бірінші тоқыма тоқыдым. Сосын барып тігінге келдім. Әжем ісмер адам еді. 14 жастан 22 жасқа дейін тоқыма тоқып жүрдім. Бесінші баланы өмірге әкелген соң үйде отырып қалай табыс тапсам екен деп ойландым. Тек үйде отырған әйел ретінде балаларымның есінде қалғым келмеді. Сол себепті бала күнгі армандарымды жүзеге асырдым. Пайда табайын деп емес, қыздарыма үлгі болайын деп бес баладан соң перде тігуді бастап кеттім. Ең бірінші өз үйіме перде тіктім. Келген туыстар қызықты. Айына алатын жәрдемақыға әдейі тігінді жетілдіру курсын оқыдым. Тіпті танымал ісмер Гүлшарат Жұбаеваның шеберлік сабағына қатыстым. Пердеге мата мен фасонды таңдамас бұрын бірнеше негізгі ережелерді ұстанамын. Перделердің түсі мен стилі бойынша берілген ғимарат интерьеріне сәйкес болуын қадағалаймын. Болашақта перденің қандай болып шығатынын көз алдыма елестетіп аламын. Содан соң, қағаз бетіне қарындашпен эскиз жасаймын. Кейде перде тігуге мамандандырылған журналдар мен интернет сайттарынан дайын үлгілерді қараймын. Сәйкес модельді таңдап, қажетті матаны сатып алған соң перделерді тіге беремін, – дейді ол.
Грант ұтып, несие алып көрмеппін деген Асылкүл алдағы уақытта өз бизнесін үйден емес, орталықтан ашқысы келеді. Кәсібін кеңейтуді ойлап отыр. Байқағаным, әйел адам үшін ас пісіре білу де, іс тігу де үлкен өнер екен ғой. Қазір қолөнерге ден қойып жатқан жас қыздар, келіншектер көбейіп келеді. Нарықтың пайдасы. Бәсекелестік бар. Көрпе-жастықтың түр-түрін көресіз. Тігін ательелері көп. Екі қолын алдына қойып бос отырғанша, осының өзі дұрыс емес пе? Өзі тумысынан олақ болмаса, әйел затына іс тіккен жарасады. Қазақта көрпенің екі түрі бар. Олар жамылғы көрпе және төсек не төсеніш көрпе деп бөлінеді. Жамылғы көрпе аты айтып тұрғандай жамылатын жылы көрпе. Ал төсек көрпе жерге не диванның үстіне жайылады. Шебердің айтуынша, көрпенің түрлері олардың ені мен ұзындығына, қолдану мақсатына байланысты жіктеледі.
– Тігін тігу өнері адамды төзімділікке тәрбиелейді. Қолданылған маталардың қиындылары рәсуа болмасын деген оймен іске жарату үнемшілдікке бастайды, әртүрлі әдемі құрақтар қиялыңды ұшқыр етеді. Мата қиындыларынан тігілетін құрақтағы түстерді үйлестіре білуде–үлкен өнер. Бұрынырақта атаәжелеріміз құрақты тіл-көзден сақтайтын, жамандықтан қорғайтын тұмар ретінде де пайдаланған. Қазағымыздың көрпелерінің түртүрі бар. Кейбір құрақ көрпенің түрлері қыз жасауына енеді. Мәселен, төр көрпе, махаббат көрпесі, күйеу көрпе, шай көрпе, құдағи көрпе, жамылғы көрпелерді атасақ болады. Көрпенің атауынан-ақ олардың кімге арналғаны айтылып тұр. Махаббат көрпесі екі жастың жамылуына арналған көрпе. Күйеу көрпе – күйеу жігіт отыратын көрпе, ал шай көрпеге келін отырып, шай құяды. Бұдан бөлек қыз жасауына жамылғы көрпе де енеді. Алайда жамылғы көрпені бір адам тіге алмайды. Сондықтан оны қолға алған емеспін, – дейді шебер.
Альмира КЕРІМБАЕВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




