Дүниежүзі бойынша Tik-Tok платформасы Instagram мен Facebook сияқты желілерді басып озды. Әсіресе оны жасөспірімдер жиі қолданады. 2016 жылы пайда болған қосымшада қысқа әрі қызықты видеолар арқылы өте көп аудитория жинауға болады. Платформа біреу үшін көңіл көтеру құралы болса, біреу үшін – табыс көзі. 2022 жыл мен 2026 жылдың арасында пайдаланушылар саны 22 пайызға өскен. Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде 1,9 миллиард адам желіде белсенділік танытып отырады екен. Олардың басым көпшілігін 25-34 жастағылар құрайды.
Әлеуметтік желі арқылы адамдар өздерін басқалармен салыстырады. Мұның нәтижесінде ашушаңдық, қызғаныш өршуі мүмкін. Экран бетіне шыққан кей дүниелер жаға ұстатады. Жақында ғана қытайлық блогер «ASMR» түсіріп отырып,ойламаған жерден қаза тапты. Бұдан да бөлек платформада небір балағат, дөрекі сөздер жиі айтылады. Өкінішке қарай ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейтін жеткіншектер оларды қайталап, өз өмірінде қолданады, – дейді психолог Марал Хантөреқызы.
Тik-Тok алтын уақытымды ұрлап жатқанын сезіп, өшіріп тастағандар да бар. Осы орайда біз Дариға Еңсебекті сөзге тартқан едік. «Шамамен 1 айдай уақыт болған шығар, кітап оқып жүрмін. Әрине, әдетке айналған ғой, әлеуметтік желіге күніне бір рет кіріп көрмесем басым ауыратын. Дегенмен, өзімді тежеуге тырыстым. Қазір барлық тірліктеріме үлгеріп, үй шаруасымен де айналысып жүрмін. Баяғыда сабақтан келген соң 4 сағатым Тik-Тok көрумен кететін. Құрдастарыма айтарым, телефонға телміре бермей, бір сәт айналаңда не болып жатқанына назар салған жөн. Төрт қабырғада қамалып отырып, уақыттың қалай зыр ете қалғанын байқамай қаласың, – дейді ол.
Мәселені екінші жағынан алып қарасақ, Tik-Tok әлеуметтік желісіне деген қызығушылық заманауи трендтерге сай өмір сүретін жастардың күнделікті әдетіне айналғандай. Кейбір талантты жастар көркем қимылымен, актерлік қабілетімен және қызықты контенттерімен де танылып жүр. Алайда «атың шықпаса, жер өрте» дегендей ар-намысқа нұқсан келтіретін дүниелерден аулақ болғанымыз жөн.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Жасқа қарамай жасалатын игі іс
- Бүгін, 11:34
Дін жолында жүрген жастарымыз адаспаса екен
- Бүгін, 11:04
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




