Конституциядан бастау алатын елімізде барлық қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталуда. Осыған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі (бұдан әрі – ӘРПК) деп айтуға болады.
ӘРПК мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен байланысты қатынастарды реттейді.
Реттелетін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Аталған кезеңде облыстың мемлекеттік органдарына кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдар, фирмалар, өзге де мемлекеттік емес ұйымдар, зейнеткерлер, сотталғандар, адвокаттар, ұжымдар, мүгедектер және жұмыссыздар жолданымдармен жиі жүгінген.
Тұлғалар көбінесе жер және жерді пайдалану мәселесі бойынша еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мәселесі бойынша жүгінген.
Сондай-ақ ӘРПК-тің 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу тәртібі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» заңының 6-бабына сәйкес мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында уәкілетті органы болып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары болып табылады.
Заң талаптарын бұзу фактілері орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаменті тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру бағытында, оның ішінде оларды қабылдау және тіркеу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қолданылатын болады.
Айбек УӘЛИЕВ,
Бас прокуратураның Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
облыс бойынша департаменті жолданымдарды
талдау және бақылау бөлімінің
прокуроры.
Ұқсас жаңалықтар
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- Бүгін, 12:36
Қазақ халқының шаш туралы ұстанымдары
- 30 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- Бүгін, 10:57
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- Бүгін, 10:51
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




