Қоғам
Су ресурстарын қорғау жөнінде студент жастармен кездесу өтті
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2026
- 899
Су – тіршіліктің нәрі, қайнар көзі. Осы ретте бүгін Жамбыл облысында «Су ресурстары: бүгінгі әрекет – ертеңгі нәтиже» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Аталған іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің бірлесуімен ұйымдастырылып, су шаруашылығы саласында білім алып жатқан студент жастарды біріктірді.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Болат Сағынбеков арнайы қатысып, су ресурстарының азаюы мен ауыл шаруашылығындағы су тапшылығы мәселелері бойынша өзекті пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, жастардың сауалдарына жауап беріп, еркін форматта ой алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




