Таразда полиция мен тұрғындар арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 14:33
- 63
Шараны Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдастырып, оған жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мен тұрғындар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – заң мен тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтып, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Жиында Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев қоғамдық қауіпсіздік – барша азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері киберқылмыс, жол қауіпсіздігі және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.
Ашық диалог алаңында тұрғындар жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, бейнебақылау камераларының санын арттыру, аула ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесу салауатты өмір салтын насихаттайтын велошерумен жалғасты. Мұндай форматтағы іс-шаралар қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыруға өз ықпалын тигізбек.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жаңару күні Үшаралда кең көлемде аталып өтті
- Бүгін, 10:20
Цифрлық дәуірдің балалары қандай болуы керек?
- Бүгін, 10:10
Адамның табиғатсыз күні жоқ
- Бүгін, 10:00
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




