«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шеберханадағы шынайы өнер

Шеберханадағы шынайы өнер
azattyq-ruhy.kz
Еңбек терапиясы – бұл өте пайдалы терапияның бір түрі. Бүгінде оңалту орталықтарында қызмет алушыларға тек медициналық немесе әлеуметтік қолдау ғана емес, шығармашылық арқылы эмоционалдық, психологиялық оңалу мүмкіндіктері де кеңінен ұсынылуда.

Бұл еңбек терапиясы. Соның ішінде табиғи материалдармен жұмыс істеу – ерекше әсерлі әрі тиімді әдіс ретінде кеңінен қолданылуда. Табиғи материалдармен жұмыстардың нәтижесінде шеберханада жапырақ, тұқым, шишка, ағаш бұтақтары, тастар секілді қарапайым табиғи заттар қолданылып, көркем шығармалар дүниеге келуде.

Мұндай шеберхана қызмет алушылардың ойлау қабілетін дамытып, қиялына қанат бітіреді, ең бастысы – еңбек арқылы өз-өзіне сенімділік ұялатады. Жеке икемі мен қызығушылығына сай әр қызмет алушыға жеке бағыт ұсынылады. Бірі жіппен өрнек салса, екіншісі дәнмен панно құрастырады. Бұл шығармашылық жұмыстарды орындау кезінде ұсақ моторика дамып, қол икемі жақсарады, зейін тұрақтанып, ішкі күйзеліс төмендейді. Әрбір материалдың құрылымы, түсі, пішіні – дайын шабыт көзі. Шеберханадағы жұмыс барысында қатысушылар тек қолөнер бұйымдарын жасап қана қоймай, өз эмоцияларын, жан дүниесін, сезімін сыртқа шығарады. Мұндай өнер – тек эстетикалық емес, тәрбиелік және психологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Қызмет алушылардың өз қолымен жасаған әр бұйымы – олардың ішкі әлемінің, еңбегінің көрінісі. Бұл – рухани оңалтудың нақты нәтижесі. Табиғат сыйы – шығармашылықтың сарқылмас көзі екенін осы шеберханалар айқын дәлелдеп отыр. Орталыққа келген қызмет алушылар күнделікті өздерінің сүйікті істерімен айналысуға мүмкіндіктері бар. Ал әлеуметтік еңбек бағытының пайдасы өте жоғары. Қызмет алушылар арнайы жабдықталған бөлмеде еңбекке дағдыланады.

Асем КАРИМБЕКОВА,
облыстық әлеуметтік оңалту орталығының
еңбекке баулу нұсқаушысы.

Ұқсас жаңалықтар