Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған байқауға 41 білім беру ұйымынан 400-ден астам оқушы қатысып, құқықтық тақырыптағы қойылымдар арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Сахнада оқушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, заңға құрмет, жауапкершілік және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарын шығармашылық тұрғыда шебер бейнелей білді.
Салтанатты іс-шараға Тараз қаласы прокуратурасы, полиция басқармасының, облыстық Жастар ресурстық орталығының, қалалық білім бөлімінің, сондай-ақ мәдениет және білім саласының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында үздік деп танылған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, Алғыс хаттармен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ естелік кәдесыйлармен наградталды.
Байқаудың бас жүлдесін Антон Макаренко атындағы мектептің оқушылары жеңіп алды. Ал І дәрежелі дипломдарға №49 және №66 мектептердің оқушылары ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шығармашылық байқаулар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуіне, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелейді.
Марапаттау рәсімі жеңімпаздардың алғыс сөздерімен және естелік суретке түсуімен қорытындыланды.
Алина НҰРҒАЛИ,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




