Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында іздеуде жүрген үш адамның орналасқан жері анықталып, төрт қылмыс дер кезінде ашылды. Бұл – өңірдегі құқық қорғау органдары жұмысының жүйелі әрі нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған 848 азамат тексеріліп, олардың 11-і белгіленген шектеулерді бұзғаны белгілі болды. Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген 105 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың қауіпсіздігіне қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Жалпы, бір тәулік ішінде облыс аумағында 756 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде жол қауіпсіздігіне қатысты заң бұзушылықтар да бар. Мәселен, мас күйінде көлік басқарған 5 жүргізуші ұсталды.
Солардың бірі Жамбыл ауданында тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін бұзған «Audi» маркалы автокөлік полиция қызметкерлерінің назарын аударып, тоқтатылған. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде екендігіне күмән туындап, медициналық сараптама тағайындалды. Қорытынды нәтижесінде ер адамның көлікті мас күйінде басқарғаны расталды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған қоса 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Облыстық полиция департаменті өңір тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе мас күйінде көлік басқармауға шақырады. Өйткені мұндай жауапсыз әрекет тек жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жолдағы өзге қатысушылардың қауіпсіздігіне де зор қатер төндіреді.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – баршаға ортақ міндет. Ал құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы – сол қауіпсіздіктің басты кепілі.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
144 шетелдік елден шығарылды
- Бүгін, 12:35
Жаңадан азаматтық алғандарға бақылау күшейеді
- Бүгін, 12:10
Ақпарат
Жаңару күні Үшаралда кең көлемде аталып өтті
- Бүгін, 10:20
Цифрлық дәуірдің балалары қандай болуы керек?
- Бүгін, 10:10
Адамның табиғатсыз күні жоқ
- Бүгін, 10:00
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




