«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіледі
«Mart» сауда-ойын-сауық орталығында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Әділет кеңес береді» атты акция өтті. Аталған іс-шараны облыстық Әділет департаменті жылдық жоспар аясында ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты – қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ азаматтарға тегін әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету.

Іс-шара барысында қала тұрғындары құқық саласына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Атап айтқанда, азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік заңнамаға қатысты түрлі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер ұсынылды.
Акцияға облыстық Әділет департаментінің қызметкерлерімен қатар, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылары және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бұл өз кезегінде тұрғындарға жан-жақты әрі сапалы құқықтық көмек алуға мүмкіндік берді.
Мамандар азаматтардың құқықтарын қорғау, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және заң көмегіне жүгіну тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат беріп, құқықтық мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етті. Әсіресе күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті кеңес алу – тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.
Жалпы, «Әділет кеңес береді» акциясы – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді бастамалардың бірі. Бұл іс-шара арқылы әрбір тұрғын өз құқығын қорғау жолдарын біліп, заң аясында әрекет етуге мүмкіндік алады.

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар