«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Адамның табиғатсыз күні жоқ

Адамның табиғатсыз күні жоқ
www.gov.kz
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысында өңірдегі жасыл аймақтарды дамыту бағытындағы жұмыстар сараланды.

Жиынды аймақтық кеңес төрағасы Оралхан Дәуіт жүргізді.

Кеңес отырысына 14 мүшенің 12-сі қатысып, кворум қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жиынға партия облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбек, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тунгатов, сондай-ақ «Жасыл-Тараз» ЖШС директорының орынбасары Азамат Әбішев қатысты. Бұдан бөлек, жиынға аумақтық филиал төрағалары мен аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары онлайн форматта қосылды.

Күн тәртібінде бір ғана, бірақ маңызы зор мәселе қаралды. Ол – облыс бойынша көшеттер отырғызу, көгалдандыру, көріктендіру және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарлар.

Жиында Дамир Тунгатов өңірдегі көгалдандыру жұмыстарының барысына тоқталып, атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы міндеттерді атап өтті. Оның айтуынша, елді мекендерді жасыл желекке айналдыру – тек экологиялық емес, әлеуметтік маңызы зор міндеттердің бірі.

Келесі кезекте сөз алған «Жасыл-Тараз» ЖШС директорының орынбасары Азамат Әбішев қала аумағында жүргізіліп жатқан көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары туралы баяндады. Ол жасыл желектерді күтіп-баптау, оларды сақтау және көбейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды. Экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл желектердің санын арттыру және оларды күтіп-баптау мәселелері жан- жақты талқыланды.

Кеңес отырысын қорытындылаған төраға табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтарға тілі жоқ» деген халық даналығын тілге тиек ете отырып, қоршаған ортаны аялау – бүгінгі күннің басты талабы екенін жеткізді.

Сондай-ақ Amanat партиясының өңірлік Жол картасында белгіленген көрсеткіштердің орындалуын бақылау және оларды сапалы жүзеге асыру қажеттігі баса айтылды. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жасау маңызды екені атап өтілді.

Алина НҰРҒАЛИ,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар