Жамбылдық жас оқырмандар «Ақыртас» сарай кешеніне экспедиция жасады
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 16:50
- 68
Аталған жоба – жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, тарихи-мәдени мұраны тереңірек зерттеуге баулитын маңызды өлкетанулық бастама. Жобаның ашылуы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Ақыртас» сарай кешенінен басталды.
Жобаның ашылу салтанаты Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Инкарбекова, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы С.Дильдабекова, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» бас маманы Ж.Касымованың құттықтау сөздерімен басталды.
Іс-шара барысында қатысушыларға жобаның негізгі мақсаты мен бағыттары жан-жақты таныстырылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Қатысушылар жоба аясындағы алғашқы бағыт – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінің тарихымен танысып, құрылыс ерекшеліктері мен тарихи маңызын зерделеді. Экспедиция барысында ғылыми қызметкер С.Нағашбекова сарайдың қай кезеңде және қандай мақсатта салынғаны туралы түрлі ғылыми болжамдарды айтып, археологиялық деректер негізінде кешеннің құрылыс материалдары, сәулеттік стилі және сол дәуірдегі мәдениетін жан-жақты түсіндірді.
Бұл жоба жас зерттеушілердің тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дерекпен жұмыс істеу, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шара соңында «Тастағы Тараз тарихы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге кітапхана қорындағы Карл Байпақов бастаған ғалымдар тобы археологиялық зерттеулер негізінде «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналары» атты еңбегі, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы, тарихи ескерткіштер көп орын алған Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құламановтың зерттеу мақалалары еңген «Тастағы Тараз тарихы», «Тараз: Археологиялық зерттеулер» (1938-1945ж.ж.), «Ежелгі орта ғасырдағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналары» және т.б. кітаптармен мен Тараз тарихына арналған энциклопедиялар, археологиялық зерттеулер жинақтары ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті
- 25 наурыз, 2026
Жаңару күні Үшарал ауылында кең көлемде аталып өтті
- 23 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




