Мемлекеттік қызметшінің азаматтармен сөйлесу барысында сыпайылық танытуы, әдепті сөз қолданып, тыңдай білуі – тиімді коммуникацияның негізі. Әдепті сөйлесу өзара түсіністікті арттырады, шиеленісті жағдайлардың алдын алады және мемлекеттік органның беделін көтереді. Мысалы, өтініш иесінің мәселесін қарау кезінде жылы, байсалды үнмен сөйлесу, құрмет көрсету – азаматтың мемлекеттік органға деген сенімін нығайтады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде, әрбір мемлекеттік қызметші азаматтарға адалдықпен, сыпайылықпен, әділдікпен және ашықтықпен қарауы тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар қызметтік міндеттерді орындау кезінде дөрекі, бейәдеп мінез-құлық танытпауға, азаматтардың арыз-өтініштеріне сабырлы, құрметпен жауап беруге, сондайақ әріптестерімен және басшылармен өзара сыйластықта болуға міндетті. Әдеп нормаларын бұзу – мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, тәртіптік жауапкершілікке де әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар мемлекеттік қызметке деген қоғамның сенімін азайтып, мемлекеттік аппараттың беделін түсіреді.
Мемлекеттік қызметші – мемлекет пен халық арасындағы дәнекер тұлға. Сондықтан оның әрбір сөзі, қимылы мен мінез-құлқы жалпы мемлекеттік биліктің бейнесін қалыптастырады. Әдепті сөйлеу, сабырлы болу, азаматтардың пікірін тыңдау және құрметтеу – мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениетінің басты көрсеткіші. Әдептілік қағидаларын ұстану арқылы ғана мемлекеттік қызметтің беделі артып, халықтың билікке деген сенімі нығая түседі.
Роза ПІРІМҚҰЛОВА
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары. Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




