«Конституция» есімді тараздық тұрғын референдумда өз таңдауын жасады
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2026
- 766
Конституция Орынқызы 1958 жылы дүниеге келген. Оның айтуынша, кеңестік кезеңде өмір есігін ашқан сәбиге сол тұстағы орын алып жатқан саяси науқанға байланысты есім беру сәнге айналған.
– Бұл есімді маған теліп қойғанына дән ризамын. Ата Заңымыздың атын арқалап жүргенде, дәл бүгін маңызды шарадан қалыс қалсам азаматтық ұстанымыма сын болар деп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мемлекеттік маңызы бар құжаттың абыройы асқақтай берсін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын әрдайым отбасы-жақындарыма үгіттеп отырамын, – дейді Конституция Орынқызы.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы 513 референдум учаскесі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




