Мәселен, облыс орталығындағы №35 референдум учаскесінде бақылаушы, «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы өңірлік филиалының төрағасы А.Кадыркуловтың сөзінше, мұндағы жұмыс толықтай заңға сәйкес жүргізілуде әрі әрбір кезең бақылаушылар тарапынан қатаң қадағалануда.
– №35 референдум учаскесінде «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы мен «Жастар» қоғамдық бірлестігінің бақылаушылары референдум барысын қадағалап отыр. Әзірге ешқандай олқылықтар орын алған жоқ. Жалпы алғанда, референдум қалыпты түрде өтіп жатыр. Бастысы, сайлаушылардың белсенділігі байқалады, – дейді А.Кадыркулов.
Естеріңізге салайық, Қазақстан аумағында сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Процедура әрбір азаматқа дауыс беру құқығын қауіпсіз әрі ыңғайлы жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған. Өз кезегінде тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру барысын тікелей қадағалап, кез келген сындарлы жағдай туралы жедел хабарлап, процесс ашықтығын қамтамасыз етеді
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




