«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары саяси науқаннан тыс қалмады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары саяси науқаннан тыс қалмады
Ашық дереккөз
Тәуелсіз еліміздің тарихында бүгін елеулі оқиғаға орын алған күн. Өйткені бүгін, яғни 15 наурызда қазақстандықтар республикалық референдум арқылы өз таңдауын жасап, елімізде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға қатысты мәселе өз шешімін табады. Тараз қаласы №62 орта мектепте орналасқан №1 сайлау учаскесінде түрлі қоғамдық ұйымдар тарапынан үш байқаушы қатысып отыр. Аталған учаскенің төрағасы Лаура Тұрлығұлованың айтуынша, тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда.

– Конституцияға республикалық референдум арқылы өзгеріс енгізу – заман талабы. Қазақстандықтардың бұл әрекеті арқылы алда дамыған демократиялық қоғам құрылатынына сенімдімін. №1 референдум учаскесінің сайлаушылары өз таңдауын жасауда белсенділік танытып жатыр. Дауыс берушілердің 54 пайызы дауыс берді, қалғаны кешке дейін өз таңдауын жасайтынынан үміттіміз. Бізде ерекше қажеттіліктері бар 4 азамат бар. Олар үшін протативті урнасы бар комиссия сағат күндізгі 12.00 ден 14.00-ге дейін жұмыс істеді, – дейді комиссия төрағасы.

Аталған сайлау учаскесіне өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген тұрғындар арасында «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы да бар. Отағасы Гулам Омаров отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.

Айта кету керек, № 1 сайлау учаскесінде 2366 адам дауыс беруге құқылы болса, сағат 17-00-ге дейін оның 1 282 тұрғын өз таңдауын жасады. Дауыс беру кешкі 20.00-де аяқталады, түнгі 00.00-ге дейін дауыс санау жұмысы жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар