Тыл ардагері Дариха Яшева №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №35 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
90 жастағы кейуана ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық белсенділік танытты. Оның айтуынша, мұндай маңызды шаралар ел болашағы үшін ерекше мәнге ие.
– Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел азаматтарына алғыс айтамын. Ең бастысы – елімізде тыныш заман болсын. Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы көрмесін, – деп Дариха Беркімбайқызы ақ батасын берді.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы 513 референдум учаскесі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




