– Бүгін жалпыұлттық саяси науқан жүруде. Еліміздегі барлық азаматтар өз позицияларын білдіруде. Солардың қатарында мен де бармын. Жақсы көңіл-күймен келіп, таңдауымды жасадым. Біз ұлт болашағына қатысты шешім қабылдауға үлес қосудамыз. Бұл – халықтың саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, әрқайсымыздың дауысымыздың маңызды екенін сездіріп, Отан алдындағы жауапкершілігімізді салмақтай түседі, – деді Сәуле Мақшанқызы.

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі жұмыс істеп тұр. Учаскелердің ең көп саны Тараз қаласында орналасқан – 154. Қордай ауданында – 58, Шу ауданында –44, Меркі ауданында – 41, Жуалы ауданында – 39 учаске бар. Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




