Жамбылға арналған көп суреттердің ішінде көзге түсетіні Кеңес одағының әйгілі суретшісі Абрам Маркович Черкасскийдің 1946 жылы салған «Жамбыл мен Дина Нұрпейісова» еңбегі. Ол еңбекте Дина Жамбылға Қарақастек жеріне қонаққа келген сәті суреттелген.
1937 жылы Дина Нұрпейісова Батыс Қазақстаннан республикалық орындаушы-музыканттардың ІІ байқауына қатысуға Алматыға келді. Сол кезде Динаның «Той бастар» және «Әсем Қоңыр» күйлері тартылды. Суретте ақ қарлы Алатау бөктеріне өрнектелген кілем төселіп, үстіне дастарқан жайылған. Екі алып асықпай әңгімелесіп, арасында Дина өзінің күйлерін орындайды. 76 жастағы күйші түрікше аяқтарын айқастырып, тік отырып, өзінің сол кезде шығарған «Әсем Қоңыр» күйін тартып отырған сияқты. Ол күй сүйікті немересі Қоңырға арналған. Шабыттанған Дина, мұқият тыңдап отырған Жәкең, айналадағы тыныш табиғат пен музыканың әуені өзара керемет үйлесім тапқан. Суреттегі тау төбелерінің, ортадағы сюжеттік бөлімде бояу гаммалары таңғалдырады.
Белгілі венгр жазушысы Бела Ба лаш А.Черкасскийді «бояу ақыны» деп бекер атамаған. Ал екі жылдан кейін Мәскеуде Дина Нұрпейісова халық аспаптарын орындаушылардың бүкілодақтық байқауында бірінші жүлдеге ие болған және «Совет музыкасы» журналында жарияланған Динаға арналған мақалада оны «Домбыраның Жамбылы» деп атақ берген.
Фатима ОРАЗБЕКОВА
педагог-ардагер,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




