Жиын барысында аға буынының Іскер әйелдер қауымдастығын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығын құру туралы бейнебаян көрсетілді. Форумға облыстық іскер әйелдер жастар қанатының басшысы, «Respublica» партиясы облыстық филиалының төрайымы Айнұр Келімбетова модераторлық етті. Іскер әйелдер қауымдастығының қалыптасуы мен дамуы жайлы облыстық ардагерлер кеңесінің «Аналар алқасы» төрайымы, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Хадиша Оспанова сөйледі.
– Бүгін бір алаңға бизнестің түрлі салаларындағы табысты кәсіпкер әйелдер жиналды. Форум жыл сайын өтеді. Біз іскер және жаңадан кәсібін бастаған әйел кәсіпкерлер үшін мазмұнды және пайдалы бағдарламаны ұсындық. Әр сессия – белгілі бір тақырыптың жеке блогы, онда сарапшылар пікір бөлісіп, табысты кәсіпкерлер тәжірибесі туралы айтады. Жылдан жылға форумның аясы кеңейіп, оған жақын және алыс шетелден қонақтар, спикерлер қатысып жатыр. Облыстың жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы санында әйелдердің басшылығымен кәсіпорындардың үлесі 47 пайызды немесе 55,5 мың субъектіні құрайды. Кәсіпкер әйелдердің саудадағы ең жоғары концентрациясы 40 пайыз, қызмет көрсету саласында 22 пайыз және ауыл шаруашылығында 17 пайызды құрайды, – деді Хадиша Аяғанқызы.
«Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығының аудандық филиалдарын құру» тақырыбы бойынша әр ауданнан келген іскер әйелдер атқарған шаруаларын айтып берді. Спикерлер жалпы экономикаға қарағанда сауда секторында жоғары білімі бар әйелдердің үлесі әлдеқайда жоғары екенін атап өтті.
– Қоғамда әйелдер қауымының рөлі артып келеді. Бұл үрдіс бүгін өткен іскер әйелдерінің форумында ашық айтылды, анық байқалды. Олар өрісті кеңейтіп, билікте келісті, бизнесте жемісті еңбек етіп, әлеуметтік саланың да арбасын сүйреп келеді. Бүгінде облыста әйелдер саны 612 мыңнан асады. Яғни, өңір халқының жартысын нәзік жандылар құрайды. Ал бизнесте 45 пайызға жуық аруларымыз жетекшілік етеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі экономикада 38 пайызды, ал сауда секторында 49 пайызды құрайды. Керісінше, саудада техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі 45 пайыз, ал Қазақстанда жалпы – 56 пайызды құрайды, – деп толықтырды спикер «Білім» секциясының жетекшісі Айман Садықова.
Форумда әлеуметтік кәсіпкерлік және қайырымдылық тақырыбына жеке сессия арналды. Іс-шара соңында Іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған «Жаңғыру жолы-Startup» әйелдер стартаптары байқауының жеңімпаздары марапатталды. 2026 жылдың 16-18 ақпанда Алматыда өткен «Kazakh Fasion Industry Forum» республикалық форумына Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығы киім және аксессуарлар дизайнерлері командасы қатысқан болатын. Олар да өз кезегінде сыйсияпаттар алды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




