«МАМА» – бұл жай ғана концерт емес, анаға деген шексіз құрмет пен перзенттік парызды ұлықтаған сахналық туынды. Кино мен тірі дауыстағы музыканы шебер үйлестірген қойылым төрт бөлімнен тұрды: «Құрақ көрпе», «Ананы жылатпа», «Ана үйі» және «Жаса, Ана». Әр бөлімде ана махаббатының қасиеті, тағдыр тәлкегі, мейірім мен кешірім, алғыс пен сағыныш сезімдері көркемдік тұрғыда терең ашылды.
Сахна төрінде өрбіген әр көрініс көрерменді бейжай қалдырмады. Ана мен бала арасындағы кіршіксіз сезім, өмір жолындағы таңдау мен жауапкершілік, адамгершілік құндылықтар бейнепрологтар мен сахналық қойылымдар арқылы әсерлі жеткізілді. Әуезді әндер мен жүрекке жеткен монологтар мазмұндық желіні толықтырып, кештің көркемдік қуатын арттыра түсті. Бұл кеш – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасы институтының маңызын айшықтаған тағылымды іс-шара болды.
Ең бастысы, концерттің кіруі тегін ұйымдастырылып, барша тұрғындарға рухани демалыс сыйлау мақсат етілді. Премьераға жиналған облыс тұрғындары мен қала қонақтары ерекше әсер алып, өнерпаздарға зор ықыласын білдірді. Жалпы қойылымға ауданның 40-қа жуық өнерпазы қатысып, сахнада кәсіби шеберліктерін көрсетті. Олардың үйлесімді еңбегі мен жанкешті дайындығы көрермен жүрегінен орын тапты.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Мыңнан астам мал дәрігеріне қосымша ақы неге төленбеді?
- 30 наурыз, 2026
«Әйелмен әлем әдемі» атты сұлулық фестиваль-байқауы өтті
- 27 наурыз, 2026
Ақпарат
Жаңару күні Үшаралда кең көлемде аталып өтті
- 30 наурыз, 2026
Цифрлық дәуірдің балалары қандай болуы керек?
- 30 наурыз, 2026
Адамның табиғатсыз күні жоқ
- 30 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




