«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ардақты арулар, қыз-келіншектер! Әйел – нәзіктіктен жаралған. Әйел – адам атаулының анасы, сұлулықтың ең үлкен төресі!

Ардақты арулар, қыз-келіншектер! Әйел – нәзіктіктен жаралған. Әйел – адам атаулының анасы, сұлулықтың ең үлкен төресі!
Автор
Мереке мезірет

Ендеше, нәзіктік пен сұлулықтың, әйелдік ғажайыптың мерекесі құтты болсын! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі әр отбасыға береке әкеліп, әр күніңізді шаттыққа, шадыман күлкіге, сүйіспеншілік пен қамқорлыққа, ізгі тілектерге толтырсын. Энергетика саласындағы жұмыс – әрбір киловатт үшін күрес. Бұл үлкен жауапкершілік пен тұрақтылықты, ең бастысы – ықыласпен жұмыс істеуді талап етеді. Сіздер үшін энергетика тек жұмыс емес, бұл тұтас өмір, күнделікті тыныс-тіршілігіңіз осы ұғымға байлаулы.

Энергияны бағындырып, әр шаңыраққа жарық жеткеру – әр адамға күш-қуат береді, қуаныш сыйлайды. Міне, Сіздер де ерлермен қатар еңбек етіп, қиындықтан қорықпай, табандылық танытып, міндеттеріңізді адал атқарып, нағыз кәсіби маман ретінде қоғамның дамуына зор үлес қосып келесіздер. Лайым әрдайым еңбекте озат, өмірде үлгі бола беріңіздер! Ажарлы күндей, гүлдей жайнап, ерекше құлпырып, көңіл көктемдеріңіз көркейе берсін!

Жүректеріңізге жылылық пен махаббат ұяласын. Өздеріңізді әрдайым әйел затына тән әсем, ерке сезініп, ханшайымдай қалықтап, патшайымдай паң болыңыздар. 8 наурыз – жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Ендеше, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулық пен жарыққа толы болсын! Арайлап атқан әрбір таң тек қуаныш әкелсін.

 

Ізгі ниетпен, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС

Ұқсас жаңалықтар