Көктемнің шуақты да шұғылалы мерекесіне жиналғандарға №69 орта мектептің 7-сынып оқушыларынан құралған «Дала үні» хоры аналарға арналған әндерін шырқап, бүлдіршіндері мәнерлеп өлең оқып, 4-8 сынып оқушылары ана туралы монологпен тебірентті. Ал облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы «Ана қадірі» атты көріністі сахналап, терең ойға жетеледі. Төле би атындағы №8 гимназияның театр үйірмесі «Рахмет саған, мама!» тақырыбымен көлеңкелі көрініс көрсетті. Қордай ауданынан келген «Жұлдыздар Әлемі» мен «Өнер бұлағы» топтары көз қуантар билерімен көпшілікті тамсантты. №69 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Бақытгүл Қалыбаева «Анамның ақ жаулығы» әнін орындап, шәкірттері бимен көркемдеп, мерекеге қатысқан қыз-келіншектерге мектеп ұжымы орамал жауып, гүл шоқтарын сыйлап, құрмет көрсетті. Мерекелік кеш өткен №69 мектептің директоры Әсел Алтыбаеваның айтуынша, мұнда балалар тек білім, тәрбие алып қана қоймай, бойында бар таланаттарын ашуға ықпал ететін түрлі үйірмелер де жұмыс істейді.
– «Келешек мектеп» Ұлттық жобасымен салынған бұл білім ордасы – армандар туатын және болашақ қалыптасатын кеңістік. Бұл мүмкіндіктер мен өсу аймағы, мұнда әр оқушы өзінің талантын ашады және білім одан әрі жетістіктерге жетудің берік негізіне айналады. Бүгінде мұнда 811 оқушы оқиды. Білім беру процесі мемлекеттік стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған және заманауи әдістемелер мен цифрлық технологияларға негізделген. Оқыту сапасын 70 кәсіби педагог қамтамасыз етеді. Мектепте заманауи инфрақұрылымы жағынан айтсақ, 98 оқу кабинеті, 6 компьютерлік сынып, жаратылыстану-ғылыми және STEM-бағыттар бойынша 7 жаңғыртылған кабинет, 4 спорт және 1 хореографиялық зал, 442 орындық акт залы, 444 орындық асхана, шеберханалар, кітапхана және 3 коворкинг-аймақ бар. Академиялық білімнен басқа, тұлғаны тәрбиелеуге және жан-жақты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді, әлеуметтік жобалар іске асырылуда, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мектептің мақтанышы 22 оқушыны біріктіретін және азаматтық жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелейтін «Жас сақшы» полиция сыныбы жасақталған. Түйіндеп айтсақ, №69 орта мектепте дәстүрлер мен инновациялардың үйлесімі, онда өз болашағын кең және сенімді түрде құруға қабілетті ұрпақ қалыптасады, – дейді ؘ«білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының жас маманы және кадрлық резервист Әсел Дөненбайқызы.
Мерекелік басқосуға облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлдана Серікбаева, Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Толқын Аяпбергенова қатысып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қазақтың Қыз Жібегі - адалдық пен сұлулықтың символы
- Бүгін, 17:21
«Масленица» мерекесін ұйымдастырып, қыспен қоштасты
- 5 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




