Отырысқа ҚХА Журналистер клубының өкілдері, этникалық БАҚ редакторлары, баспасөз қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ аймақтардан онлайн форматта өңірлер қатарында облыстық ҚХА журналистер клубының төрағасы Марат Құлибаев және клуб мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуді республикалық Парламент Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев модератор ретінде ашып, конференцияның мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаудағы рөлі, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы кеңінен талқыланды. Конституциялық реформалардың жүзеге асырылуы, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі туралы сөз болды.
Жиын барысында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер» институты директорының орынбасары ҒалиДінмұхаммед Әзімбайұлы диалог мәдениетін нығайтудағы медиа саласы мамандарының атқаратын рөлі жөнінде ҚХА Төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович Конституция жобасына тиесілі адам құқықтары мен еркіндіктері жауапкершіліктерінің басты аспектілерімен таныстырды.
Бибігүл ШАХЗАДА
өңірлік ҚХА Баспасөз қызметі хатшысы,
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Күйзеліске төзімділік қалай қалыптасады?
- 9 сәуір, 2026
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




