Қала тұрғындарының 52 пайызын әйелдер құрайды екен. Кездесуге қалалық ардагерлер мен Қоғамдық Кеңестің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау, білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласының өкілдері, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары және кәсіпкер әйелдер қатысты.
– Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана еме с, мемлекетіміздің береке сі, мерейі. Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әйел – Ана барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Сіздердің әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы орындарыңыз ерекше. Өйткені, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, тіпті Отанымыздың ортақ қуанышы десек болады, – деді қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы.
Жиында қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай, қаланың қоғамдық өміріне тікелей араласып, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген еңбек ардагері, қалалық ардагерлер кеңе сінің төрағасы Күләш Әбдікешова, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлжамал Тажиева, «Жамбыл-Тараз» қалалық газетінің тілшісі Арайлым Шабденова сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.
Мереке иелері де өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын жеткізді. Жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылған жиында әр салада белсенділігімен ерекшеленген нәзік жандылар марапатталды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




