Осындай форматтағы кездесулердің бірі бүгін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қарасты «Zhambyl Invest» фронт-офисында өтті. Жиынға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Дауыл Бейсенқұлов , Гулам Умаров және Нұрлан Қайранов қатысып, референдумның маңызы жөнінде ой бөлісті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйе сін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нормалары жанжақты түсіндірілді. Сондай-ақ құжатта мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік қағидалары айқындалғаны, басқару тиімділігін арттыру мен ұлттық құндылықтарды нығайтуға басымдық берілгені атап өтілді. Өңірлік коалиция жетекшісі Дауыл Бейсенқұловтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы қоғамдағы әділдікке деген сұранысты ескеріп дайындалған маңызды құжат.
– Жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық құжат. Құжат 11 бөлім мен 96 баптан тұрады және онда адам құқығы мен бостандығын қорғау басты басымдық ретінде айқын көрсетілген. Негізгі қағидалардың бірі – мемлекет ең алдымен адамға қызмет етуі тиіс деген ұстаным. Бұл қағида мемлекеттік институттардың жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентті «Құрылтай» деп атау бастамасы ұлттық тарихымыз бен дәстүрімізге сүйене отырып, саяси жүйедегі сабақтастықты нығайтуға бағытталған. Мұның бәрі елдегі демократиялық процестерді жетілдіруге және халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді, – деді Дауыл Бейсенқұлов. Ал коалиция мүшесі Гулам Умаров жаңа Конституция жобасы қоғамның дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
– Конституция – мемлекеттің басты құқықтық құжаты ғана еме с, ол елдің болашақ даму бағытын айқындайтын негізгі бағдар. Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне ерекше мән берілген. Сонымен қатар құжатта мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік қағидалары нақты көрсетіліп, азаматтардың ел өміріне белс енді ара ласуына жағдай жасалады. Бұл өзгерістер еліміздің тұрақты дамуына, экономикалық және әлеуметтік реформалардың тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы референдум әрбір азамат үшін маңызды тарихи сәт. Әр адам өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуі тиіс, – деді Гулам Умаров.
Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумға қатысып, Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған жаңа Ата Заңды қолдауға дайын екендерін жеткізді.
Есен САҒЫНАЙҰЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақылы жолдардан бір жылда қанша ақша түсті?
- 5 наурыз, 2026
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




