Жыл сайын 20 мыңға жуық жаңа туылған нәрестеге екпе егіледі
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 17:10
- 55
2025 жылы облыста туберкулез ауруының 376 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 30,7-ні құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңде 32,7 болған еді. Ауру көрсеткіші 6,0 пайызға, тыныс алу органдары туберкулезі 5,4 пайызға төмендеді.
Алғаш ауырып тіркелген 376 науқастың 45,7 пайызы клиникалық белгілері бар науқастарды лабораториялық жолмен тексергенде, 49,5 пайызы флюорографиялық әдіспен, 4,8 пайызы басқа әдістермен (Манту сынамасымен) анықталды. Тыныс алу органдары туберкулезімен ауырғандардың ішінде бактерия бөлетіндердің үлесі 31,2 пайыз (104 жағдай), 2024 жылы 33,3 пайыз (117 жағдай) құрады. Барлық тіркелген туберкулез ошақтарында науқастармен байланыста болған 5000-нан астам адам анықталып, туберкулезге тексерілді, диспансерлік есепке алынды.
Бактерия бөлетін науқастар ауруханаға жатқызылды, бөлмейтін науқастар өздерінің тұрақты мекенжайлары бойынша медициналық ұйымдарда емдерін қабылдауда. Облыста жыл сайын туберкулезге қарсы 20 мыңға жуық жаңа туылған нәрестелерге екпе егіледі. 2025 жылы облыста 18995 жаңа туылған балаларға екпе егілді, олардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайы тіркелген жоқ. Туберкулезге қарсы екпе нәтижесінде ауру көрсеткіштері төмендеп отырғанымен, екпеден бас тартатын ата-аналар бар. 2025 жылы туберкулезге қарсы екпеден 202 ата-ана бас тартты.
Профилактикалық екпелерден бас тарту арқылы ата-аналар баланы инфекциялардан және оның зардаптарынан қорғау құқығынан айыратынын есте ұстағаны жөн. Балалар балалық шақта жұқпалы ауруларға осал болады. Сондықтан әрбір адам дер кезінде профилактикалық тексеруден өтіп, туберкулезге қарсы екпе алуы қажет, өйткені бұл инфекцияның дер кезінде алдын алудың және сәтті емдеудің кепілі.
Латифа МАМЫТОВА
облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




