Небәрі 47 жасында құйрықты жұлдыздай ағып өткен аяулы ақынның шығармашылық мұрасы – қара өлеңге шөліркеген қай қазаққа да бастау бұлақ. Таластан шыққан талант биыл көзі тірі болғанда желкен тартар 70 жасқа толар еді. Амал нешік...
Ақжал ақынның ең алғашқы жыр жинағы 2000 жылы «Адасып жүрген ақбөкен едім» деген атпен жарық көрген. Одан бөлек «Пәруана», «У» атты жыр жинақтары бар. Оның «Аққулар», «Қызыл көйлек киген қыз», «Сатушы қыз», «Аузынан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған» атты өлеңдеріне сазгерлер ән жазды.
Айта кетейік, бүгін Талас ауданы, С.Шәкіров ауылында ақынның мерейтойына орай «Құс қанат менің ғұмырым» атты шығармашылық кеші өтеді. Әдеби-сазды кеш ауылдық мәдениет үйінде, сағат 15:00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар
«Жыр жауһары – Жамбылым!»
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




