Қазіргі таңда елімізде салық төлеушілер үшін маңызды науқан жүріп жатыр. Бұрын арнаулы салық режимін қолданған кәсіпкерлер 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексінің өтпелі ережелеріне сәйкес жұмыс істеу үшін салық режимін қайта таңдауы қажет. Яғни белгіленген мерзімге дейін өз құқықтарын пайдаланып, тиісті режимге көшу жөнінде шешім қабылдауы тиіс. Бұл талапты елемеу болашақта бірқатар салықтық міндеттемелердің автоматты түрде туындауына әкелуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, егер кәсіпкер арнаулы салық режимін қолдану туралы хабарлама ұсынбаса, онда ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшіріледі. Ал бұл есептілік көлемінің артуына, салық жүктемесінің өзгеруіне және бухгалтерлік есепті толық көлемде жүргізу міндеттеме сіне алып келеді. Сондықтан әрбір кәсіпкер өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, тиімді режимді уақытылы таңдауы аса маңызды.
Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшу тәртібі де көпшілікті қызықтырады. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, заңнамада көзделген шарттар сақталған жағдайда мұндай режимге көшуге болады, алайда мерзімдер мен шектеулерді назардан тыс қалдырмау қажет. Бұл ретте кіріс көлемі, қызмет түрі және жұмыскерлер саны секілді көрсеткіштер есепке алынады. Патент негізінде немесе арнайы мобильді қосымша арқылы кәсіпкерлік қызмет жүргізген азаматтар үшін де өзгерістер бар. Олар алдағы уақытта қызметін жалғастыру үшін жаңа талаптарға сәйкес келетін арнаулы салық режимін таңдауы тиіс. Әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін АСР-дің артықшылықтары түсіндірілді.
Бұл режим табысты заңдастыруға, әлеуметтік төлемдерді жүйелеуге және зейнетақы аударымдарын тұрақты жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар белгілі бір шектерден аспайтын жағдайда есептілік жеңілдетілген тәртіпте ұсынылады. Бухга лтерлік е с еп жүргізу міндеттемесі де кәсіпкерлерді алаңдататын мәселелердің бірі. Егер кәсіпкер жалпыға бірдей режимде жұмыс істесе немесе заңнамада белгіленген шектерден асса, толық бухгалтерлік есеп жүргізу міндеті туындайды. Ал кейбір арнаулы режимдерде есеп жүргізу жеңілдетілген форматта жүзеге асырылады. Салықтық жеңілдіктер, есептілік мерзімдері, төлем тәртібі секілді өзге де сұрақтар бойынша мемлекеттік кірістер органдары түсіндіру жұмыст арын күшейтіп отыр.
Мамандар кәсіпкерлерді белгіленген мерзімді күтпей, алдын ала кеңес алып, тиімді шешім қабылдауға шақырады. Қорыта айтқанда, 2026 жылға дейін арнаулы салық режимін таңдау – әрбір кәсіпкер үшін стратегиялық шешім. Уақытылы қабылданған шешім бизнес тұрақтылығын қамтамасыз етіп, артық шығындар мен тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан заңнамадағы өзгерістерді мұқият зерделеп, өз қызметіне сәйкес оңтайлы режимді таңдаған жөн.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




