«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған құттықтау сөзі

Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған құттықтау сөзі
ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған құттықтау сөзі
Қымбатты отандастар, құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталады. Жыл, ең басты ортақ құндылықтарымыз – тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады. Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы түрде жалпыхалықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды. Сондықтан Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл – Қазақстан болашағының негізі. Ассамблея жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына жетудің нақты істері мен жаңа жетістіктері жылы болады. Біз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға кірістік. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. Бұл жыл ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы - «Менің Елім - Мәңгілік Ел!». Мен барлық қазақстандықтарды Ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын! Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз, тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы!

Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н. Назарбаев.

Ұқсас жаңалықтар