«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған акция Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен өткізілді. Оған Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқармалары, коммерциялық емес акционерлік қоғамы, азаматтарға арналған үкімет, мемлекеттік корпорация, уәкілетті органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және екінші деңгейдегі банкілердің өкілдері қатысты.
Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетовтың айтуынша, акцияның мақсаты – бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу шеңберінде халықтың салық және кеден заңдылығы бойынша сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін кеңес беру.
– Бүгінгі акция «Mart» сауда орталығында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Ашық диалог: Жаңа Салық кодексі қарапайым сөзбен» акциясы ұйымдастырылып отыр. Мұнда қатысып отырған уәкілеттік органдардың өкілдері салық төлеушілердің қойған сұрақтарына жауап береді. Біздің көздеп отырған басты мақсатымыз – жаңа қолданысқа енгізілген Жаңа Салық кодексін елге қарапайым тілмен жеткізу. Осында кез келген бизнеске қатысты сұрақтарға кәсіпкерлер жауап ала алады. Бұл акцияны жиі өткізуге тырысамыз, өйткені халыққа жаңа салық кодексін кеңірек түсіндіруді көздеп отырмыз. Біз іс-шараны бақылау моделінен сервистік моделге көшу шеңберінде жүзеге асырудамыз. Яғни түсіндірме жүргізу арқылы адал кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған іс-шаралар. Сондай-ақ бұл «Халық бухгалтері» акциясы аясында апта сайын осындай іс-шаралар ұйымдастырылып, бухгалтерлерге де түсініктеме беріледі. Осылайша бұл акцияны насихат жұмысын кең аудиторияға тарату мақсатында ұйымдастырып отырмыз, – дейді Ерлан Нұрмаханбетов.
Акция барысында 230 азаматтар туындаған сұрақтарға жауаптарын алды, оларға жаңа Салық Кодексінің, кеден заңдылығының нормалары түсіндіріліп, кірістер органдардың ақпараттық жүйелері туралы тиісті іс тәжірибелік көмектер мен кеңестер берілді.
Сонымен қатар 2026 жылдың арнаулы салық режимдері, қазіргі болып жатқан науқан, яғни 2026 жылға оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыруға шарттарына сәйкес келетін және арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған барлық кәсіпкерлерге 28 ақпаннан кешіктірмей хабарлама ұсыну керектігі туралы айтылды. Сондай-ақ іс-шара барысында «Халық бухгалтері» акциялары жөніндегі сұрақтарға айрықша назар аударылды.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Тауар белгісін тіркеу жеңілдетілді
- 24 ақпан, 2026
Жыр нөсерін селдеткен ақын Серік Томанов жайлы мөлтек сыр
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- Бүгін, 10:53
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- Бүгін, 10:38
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




