– Тараз қаласында биыл бұл жәрмеңке алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жалпы мұндай жәрмеңке Тараз қаласы мен облыс аудандарында ендігі апта сайын ұйымдастырылатын болады. Жәрмеңке апта сайын осы «Жастар аллеясында» өтеді. Жәрмеңкеге Тараз қаласының тауар өндірушілерінен бөлек, шаруа қожалықтары да қатыса алады. Бүгіннің өзінде маңайдағы елді мекеннен келіп картоп, сәбіз, пияз бен жеміс-жидектерді саудалап, төмен бағада өткеріп жатқан шаруа қожалық өкілдері де бар. Жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінен бөлек, бұл жәрмеңкеге құс фабрика ларынан 1 мың дана жұмыртқа жеткізілген болатын. Сонымен қатар 0,3 тонна кондитерлік, 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, 0,5 тонна қант, 0,2 тонна қарақұмық, 0,5 тонна балық, 2 тонна ұн, 0,3 тонна бал нарық бағамынан 10-20 пайыз төмен бағада өткерілді, – дейді әкімдік өкілі.
Жәрмеңкеге келген жұрттың да қарасы қалың. Барлық сөре азық-түлікке, көкөніс пен мал өнімдеріне сықа толып тұр. Алушы да, сатушы да дән риза. Өйткені баға жүйелі. Ал шағын жүк көлігіне картоп, пияз бен сәбіз, асқабақ басып келген қала тұрғыны Мақұлбек Жайбасов ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің тұрақты қатысушысы болып шықты. Ол өзінің жеке шаруа қожалығында күтіп-баптаған өнімін арнайы қоймада сақтап, күз және көктем айларында жәрмеңкелерге әкеліп өткеріп жүргенін айтты.
– Осы кәсіппен айналысқаныма 10 жыл болды. Бұрын баптаған өнімімізді қайда өткерерімді білмей бүлдіріп алған кездеріміз аз болмады. Қазір жақсы, тоңазытқыш орнатылған қойма бар. Жыл он екі ай өнімімізді сақтап сатуға мүмкіндік бар. Жалпы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі біздің негізгі өткізуші орталыққа айналып отыр. Бүгін Тараз қаласында жәрмеңке өтеді дегенді естіп, біраз көкөніс пен жеміс-жидек алып келдім. Жәрмеңкенің шаруаларға тигізер пайдасы көп, мұнда біз тұрақты алымсақ табамыз. Бір сөзбен айтқанда, биліктің қолдауын сезініп отырмын. Қазір өнімімді қайда өткіземін деп қиналмайтын болдым, – дейді шаруа.
Қала тұрғындары да жәрмеңкенің апта сайын өткізіліп тұрғанын құптайды.
«Тараз қа ласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қайта өткізіліп жатқанына қуанып отырмын. Үйде ет таусылып қалып еді. Жәрмеңкеден 10 килограмм жылқы етін алдым. Сонымен қатар картоп, сәбіз бен пияз да алып бара жатырмын үйге», – дейді қала тұрғыны Қанат Әби.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




