53 аурухана мен перинаталдық орталықты қайта жаңарту жүргізілуде
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 15:39
- 36
Оның айтуынша, жүргізілген талдау төсек қорының қолжетімділігі мен емдеуге жатқызуды күту уақытының арасындағы жүйелі теңгерімсіздікті анықтады. Бүгінде стационарлардағы әрбір алтыншы төсек бос тұр, ал 222,6 мыңнан астам пациент – барлық жоспарлы емдеуге жатқызылғандардың 17 пайызы 20 күннен астам емделуді күтуде. Жүйеде шамамен 99 мың төсек бар, оның 14 мыңы (15 пайыз) бос қалады.
Бұл ретте бірқатар өңірлерде бос орындар болған кезде – ревматология, гематология, кардиология, пульмонология, нефрология, неврология және эндокринология сияқты қажетті жеті терапиялық бейін жоқ. Олардың көлемі төмен тарифтер мен өңірлік реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты бірнеше жылдың ішінде қысқарды. Стационарлық көмек құрылымын теңестіру үшін 34 облыстық көпбейінді аурухана мен 19 облыстық перинаталдық орталықты жаңарту басталды. 26 клиникалық хаттама қайта қаралып, бекітілді, жеті терапиялық бағыт бойынша тарифтер көтерілді.
2026 жылы тағы 28 хаттаманы, оның ішінде 10 жаңа хаттаманы әзірлеу және жаңарту жоспарлануда. Республикалық деңгейде ревматология, нефрология, респираторлық медицина және гастроэнтерология бойынша мамандандырылған орталықтар ашылды. Облыстық көпбейінді ауруханаларда 113 төсектік алты терапия бөлімшесі ашылды. Бұл жоспарлы емдеуге жатқызуды күтудің орташа мерзімін қосымша бюджет шығындарынсыз 30 күннен 20 күнге дейін қысқартады деп күтілуде. Сонымен қатар өңірлерде педиатриялық төсектер мен неонаталдық хирургия бөлімшелері орналастырылған, бұл балалардың өмір сүруін 86 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. 101 бейінді маман даярланды, тағы 300 медицина қызметкерін оқыту жоспарланған.
Жаңарту жобасы 2718 төсекке 55 бейінді бөлімше ашуды, 18 телемедицина орталығын, 73 құзыреттілік орталығын және 51 симуляциялық орталықты құруды, сондай-ақ 230 маман даярлауды көздейді. Сонымен қатар госпитальдық фармация дамуда: бейінді бөлімшелердің саны 138-ге дейін ұлғайтылды, 210-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Жүйені енгізудің экономикалық әсері екі жылдың ішінде шамамен 1,5 миллиард теңгені құрады. Стационарлық буынды жаңғырту денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі жаңарту және халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру шеңберінде жүргізіледі.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Екпе алудан негебас тартасыз?
- 12 ақпан, 2026
«Адамдарды емдеу дегеніміз екпе сала беру емес...»
- 29 қаңтар, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




