«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік

Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік
Автор
Оқушылар сарайында «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам» атты облыстық ата-аналар форумы өтті. Оған облысымыздағы мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп және колледж директорлары, білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеттері шақырылған. Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбутәліп Мүтәлі мен Мұқаш Ескендіров, облыс әкімінің орынбасары Серік Cәлемов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев, облыс прокурорының кәмелетке толмағандар істері бойынша аға көмекшісі Данияр Кемелхан, облыстық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Абдикаримов, облыстық ата-аналар кеңесінің төрайымы Назима Жұбандықова қатысты.

Форум жұмысы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әзірленген бейнероликті көрсетумен басталды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов тәжірибе алмасатын, өзекті мәселелерге шешім іздейтін алаң болар форумның маңыздылығына тоқталды.

– Ата-аналар форумына қатысып отырған баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл жиын бала тәрбие сі мәселе сінде ой біріктіріп, тәжірибе алмасып, ортақ жауапкершілікті сезінетін маңызды алаң. Бала тәрбиесі – мемлекеттің стратегиялық басымдығы. Себебі, бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жас ұрпақтың сапалы білім алып ғана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, отансүйгіш, адал, еңбекқор, әділ әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ету жалпыұлттық міндет екенін атап өтті. Бұл – тек сөз емес, нақты ісқимылды талап ететін маңызды бағыт. Осы мақсатта елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты ерекшелігі – мектеп, атаана және қоғам арасындағы байланысты нығайту. Өйткені бала тәрбиесінде ең басты рөл отбасына тиесілі. Ал мектеп – сол тәрбиені жүйелеп, бағыт-бағдар беретін орта. Облысымызда бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеуде. «Отбасы – мектеп», «Мектеп өмірінің бір күні» жобалары ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр. «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Әкелер кеңесі», «Ата-аналар комитеті» сияқты бастамалар ұлттық тәрбие құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосуда. Өткен оқу жылында ата-аналардың қатысуымен жүздеген тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, мыңдаған оқушы қамтылды. Бұл – ата-ана мен мектептің өзара сенімді ынтымақтастығының нақты нәтижесі. Бүгінгі таңда тәрбие жұмысы тек тәрбие сағатымен шектелмейді. Әрбір пән мұғалімі өз сабағында құндылыққа негізделген білім беруге басымдық беруде. Домбыра, шахмат, спорт және шығармашылық бағыттағы үйірмелер балалардың жанжақты дамуына жағдай жасап отыр. Біз бала тәрбиесін мектепке ғана жүктеп қоя алмаймыз. Бала – отбасының айнасы, қоғамның болашағы. Сондықтан «Оқушы – мектеп – ата-ана» үштігінің үйлесімді жұмысы аса маңызды. Атааналардың белсенді қолдауы, мектеппен ашық әрі сенімді байланысы–табысты тәрбиенің кепілі. Біздің ортақ мақсатымыз – елін сүйетін, заңды құрметтейтін, ұлттық болмысы берік, рухы асқақ ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта облыс әкімдігі білім беру ұйымдарын қолдау жұмыстарын жалғастыра береді. Балаға берілген тәрбие – елдің ертеңіне салынған инвестиция, – деді Серік Жақсылықұлы.

Бала тәрбиесі және ел ішінде заң мен тәртіпті сақтаудың мәні турасында өзге де форумға қатысушылар пікірлерін айтып, ортақ мәселені талқылады. Форум барысында көтерілген мәселелер, ұсынылған идеялар мен тәжірибе алмасу нәтижелері облысымыздағы балалардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне, қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне жаңа серпін берері анық.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар