Сотталғандарды бостандыққа даярдау бойынша семинар ұйымдастырылды
- author «Ақ жол»
- 20 ақпан, 2026
- 156
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде кезекті рет сотталғандарды бостандыққа даярлау семинары ұйымдастырылды. Оған мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов төрағалық етсе, жиынға Тараз қаласы «Жібек жолы» аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Асқар Алиайдаров, облыстық ҚАЖД Жамбыл аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Елдос Әбдіманапов, Тараз қаласы бойынша «Мансап» орталығы филиалының маманы Бахтияр Альтаев және №26 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегі мен тұрғын үй жайларын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айсұлу Исмайлова қатысты.
Шара барысында құқық қорғау қызметкерлері арнайы контингент өкілдеріне мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар жөнінде толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар спикерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, бастау-бизнес, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар туралы да кеңінен айтты. Өз кезегінде бірқатар жазасын өтеуші көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды.
Ұқсас жаңалықтар
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




